Қызылордада суретші балалар арасында байқау өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада суретші балалар арасында байқау өткізілді

Қызылордада суретші балалар арасында байқау өткізілді

Қызылордадағы Оқушылар сарайында кезекті балалар өнерінің байқауы өткізілді.

  • 28 Наурыз 2011
  • 610
Фото - Caravan.kz

Оны Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі «Жас ұрпақ» қоғамдық бірлестігімен бірге өткізді. Байқау «Мен Наурыз меркесін төтенше жағдайсыз өткіземін» деп аталды. Сайысқа бейнелеу өнері студиясы жанындағы «Палитра» үйірмесінен 4-7 сынып оқушылары қатысты.

Балалар салған суреттерінде мереке күндері болуы мүмкін төтенше жағдайлар және оның алдын алу жөнінде бейнелер орын алды. Байқауға 15 бала жұмысын тапсырып, оның үшеуі үздіктер қатарынан табылды.

Сонымен, 1 орынды №3 гимназияның 6 сынып оқушысы Кәмила Шалабай, екінші орынды №15 гимназияның 7 сынып оқушысы Ақмаржан Аманбек және үшінші орынды №136 мектептің 5 сынып оқушысы Аружан Омар иеленді.

Барлық балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Перейти к новостям спорта