Қызылордада «Сыр үміті» облыстық жастар сыйлығының иегерлері марапатталды
Қызылордада «Сыр үміті» жастар сыйлығын тапсыруға арналған салтанатты жиын болып өтті. |
Онда облыс әкімі Б.Қуандықов жыл ішінде осындай атаққа лайықты болғандардың есімдерін атап, марапаттарын табыс етті.
Бұл сыйлық 2010 жылы өткен жастардың IV Форумы кезінде белгіленген болатын. Ол облыстың қоғамдық өмірінің дамуына үлес қосып жүрген 14-тен 29 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Сыйлық номинанттарына тоқсан сайын 75 мың теңге беріліп тұратын болады.
Кездесуде облыс әкімі сыйлықтың жаңа иегерлеріне грамоталар мен осы сыйлықтың алғашқы легін табыс етті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін