Қызылордада Сырдария арқылы өтетін жаңа көпір салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада Сырдария арқылы өтетін жаңа көпір салынды

Қызылордада Сырдария арқылы өтетін жаңа көпір салынды

Қызылордада Сырдария арқылы өтетін жаңа көпір салынды, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2003
  • 560
Фото - Caravan.kz

Нысанды қабылдап алу жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарушы ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Нұрлан Ниғматуллиннің айтуынша, «Қазақстандағы транзиттік алты дәліздің бірін жаңалауда маңызды бір қадам жасалды». Бұған дейін Самара-Шымкент бағытындағы халықаралық трасса Сырдарияны Қызылорда гидроторабы арқылы өтетін. Осыдан жарты ғасыр бұрын салынған бұл торап көліктерді, соның ішінде жүк таситын көліктерді өткізуге арналмаған.

Ұзындығы 307 метр, ені 15,8 метрді құрайтын көпірдің шетінде жаяу адамдардың жүруіне арналып ені 2,15 метрлік екі аяқжол салынған. Жаңа көпірді «Транскөпірқұрылысы» ААҚ-ның мамандары салса, құрылыстың бас мердігері міндетін «Жезқазғанжолдары» ААҚ атқарды. Жалпы құны 1 млрд. 658 млн. теңгені құраған құрылыс жұмыстары бір жылға жуық созылды.
Жаңа көпірді іске қосу екі жағалау арасындағы көлік қатынастын сенімді сипатқа көшіреді. Сәулетшілердің ойжоспарына сәйкес , дарияның солтүстік жағалауында экологиялық таза аудандар құру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар