Қызылордада Талдықорған театрының гастролі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада Талдықорған театрының гастролі басталды

Қызылордада Талдықорған театрының гастролі басталды

Кеше Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының гастолі басталды. Сыр өңірінің мәдениеті үшін ерекше орны бар Талдықорған театрының бұл өнер сапарын өнерден хабары қауым қуана қарсы алды.

  • 2 Қараша 2010
  • 760
Фото - Caravan.kz

Себебі, Қызылорда облыстық драма театырын бір кездері өзінің бастауын осы Жетісу өңіріндегі өнер ордасынан алған. Сыр бойындағы басты өнер ошағындағы белгілі тарландардың бәрі өмірге жолдаманы тап осы театрдан алған. Қазақстанның халық әртісі Серік Шотықов, мысалы, Талдықорған жерінің тумасы, өзінің өнер жолын осы театрда бастаған.

Талдықорғандықтар гастрольді Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың «Ана аманаты» пьесасынан бастады. Қарашаның 5-іне дейін созылатын өнер күнделігінің репетуарында бұдан басқа Б.Мұқаидың «Тойы көп үй», Б.Римованың «Қос мұңлық», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр», М.Хасеновтің «Пай-пай, жұбайлар-ай!» пьесалары бар. Осы күндері таңертең сондай-ақ балаларға арналған «Алдардың айласы» спектаклі қойыла бастады.