Облыстық ақпарат басқармасының БАҚ бөлімінің төрайымы Айсұлу Қасымованың айтуынша, Қ.Ажаров журналистік еңбек жолын «Сталин жолы» атты жергілікті аудандық газетте бастаған. 1955-жылдан бастап облыстық «Ленин жолы» газетінде үздіксіз еңбек етті. Ол көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктердің авторы.
Қызылорданың құрметті азаматы Е.Хан «Полиграфия» деп аталатын облыстық бірлестікті басқарған. Қайта құру жылдарында облыстық «Қызылорда хабарлары» газетінің басшылығына келген Е.Хан бұл басылымды 14 жыл бойы басқарды.
Осыдан екі жыл бұрын Қызылордалық билік тағы бір журналист -Мерке Исаевтың есімін ұлықтады. КСРО журналистер одағы сыйлығының иегері «Боздақтар» атты бес томдық облыстық жәдігер-кітапты баспаға әзірледі.