Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне ат бәйгесі өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне ат бәйгесі өткізілді

Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне ат бәйгесі өткізілді

Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық ат спорты федерациясының ұйымдастыруымен, 25 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық ат спорты жарысы өтті.

  • 28 Маусым 2011
  • 738
Фото - Caravan.kz

Оның мақсаты — ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Ат жарысқа «Қазгермұнай» компаниясы бас демеушілік көрсетті.

Ат спортының 4 түрі бойынша да көрермен үшін қызыққа толы болды. Бәйге ежелден ата-бабамыздың қанына сіңген, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық спорт түрі. 25 шақырымдық аламан бәйге, 17 шақырымдық тоқ бәйге, 11 шақырымдық құнан бәйге және 6 шақырымдық тай бәйге бойынша өткен бұл жарысқа Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан 64 спортшы қатысты.

Аламан бәйгеде 1-орынды Дидар Күрішбаев (Қызылорда), 2-орынды Талғат Ғани (Шиелі ауданы), 3-орынды Ескендір Арыстанбеков (Қызылорда) баптаған сәйгүліктер жеңіп алды.

Тоқ бәйгеде 1-орынға Самат Ғалым (Алматы обл, Ұзынағаш ауылы), 2-орынға Алтынбек Асылбеков (Шиелі ауданы), 3-орынға Бағжан Жарылқапов (Шиелі ауданы) орналасты. Ал құнан бәйгеде Шахмардан Қалмақовтың (Қызылорда), Дидар Күрішбаевтың (Қызылорда), Талғат Ғанидың (Шиелі ауданы) қосқан құнандары топ жарды. Бұдан соң тай жарыс орын алды. Онда 1-орын Айдархан Нұрбосынға (Жамбыл облысы, Құлан ауданы), 2-орын Айбек Ақбаровқа (Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы), 3-орын Қайрат Дәулетке (Қазалы ауданы, Сарбұлақ ауылы) бұйырды.

Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталса, аламан бәйгеде бірінші орынды иеленген Дидар Күрішбаевқа жеңіл автокөлік сыйға тартылды.

Соңғы жаңалықтар