Жарияланды: 540

Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме өткізілді. Ол «Жемісті еңбегім - тәуелсіз халқыма» деген тақырыпта өрбіді.

Жиынды облыстық ішкі саясат бас­қар­масы мен «Мәртебелі Қа­зақстан» қоғамдық қоры ұйым­дастырды. Жиынның мақ­саты тәуелсіздік таңы атқан жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілер мен жаһандану жылдарында оқу ор­да­ларын бітіруші жастардың пі­кір­лесуі, сондай-ақ аға буын өкілдерінің ақ тілегін тыңдап, егемен еліміздің ертеңі жайлы ой бөлісу болды. Бұған облыс орта­лығындағы оннан астам оқу орын­дарын биыл бітіріп отырған жастар қауымы, түрлі сала ма­ман­дары мен БАҚ өкілдері атсалысты. Әңгіме тізгінін тілдерді оқыту өңірлік орталығының ди­рек­торы Нұрсәуле Мұсаева қолға алды. Дөңгелек үстел басында ҚР Парламент Сенатының депутаты Бақберген Досманбетов, облыс­тық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Серік Айдаров жас мамандарға оң сапар тіледі. Дипломмен жаңа өмірге қадам басқалы отырған жастар әр сала­да абыройлы еңбек етіп жүрген аға буын өкілдеріне көкейле­рін­дегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Басқосуды Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің проректоры Наурызбай Байқадамов қоры­тындылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін