Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

Қызылордада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» басындағы әңгіме өткізілді. Ол «Жемісті еңбегім - тәуелсіз халқыма» деген тақырыпта өрбіді.

  • 23 Маусым 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

Жиынды облыстық ішкі саясат бас­қар­масы мен «Мәртебелі Қа­зақстан» қоғамдық қоры ұйым­дастырды.

Жиынның мақ­саты тәуелсіздік таңы атқан жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілер мен жаһандану жылдарында оқу ор­да­ларын бітіруші жастардың пі­кір­лесуі, сондай-ақ аға буын өкілдерінің ақ тілегін тыңдап, егемен еліміздің ертеңі жайлы ой бөлісу болды. Бұған облыс орта­лығындағы оннан астам оқу орын­дарын биыл бітіріп отырған жастар қауымы, түрлі сала ма­ман­дары мен БАҚ өкілдері атсалысты.

Әңгіме тізгінін тілдерді оқыту өңірлік орталығының ди­рек­торы Нұрсәуле Мұсаева қолға алды. Дөңгелек үстел басында ҚР Парламент Сенатының депутаты Бақберген Досманбетов, облыс­тық ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Серік Айдаров жас мамандарға оң сапар тіледі. Дипломмен жаңа өмірге қадам басқалы отырған жастар әр сала­да абыройлы еңбек етіп жүрген аға буын өкілдеріне көкейле­рін­дегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Басқосуды Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­верситетінің проректоры Наурызбай Байқадамов қоры­тындылады.

Соңғы жаңалықтар