Қызылордада «Тегін маршрут» атты жаңа акция өтті
Кеше Қызылордада қалаішілік көліктер қатынасы желісінде «Тегін маршрут» деп аталатын жаңа акция болып өтті. Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда жастары» қауымдастығы ұйымдастырды. |
Акция барысында №1 және №18 маршруттағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасыды. Онда тәулік бойына жастар ұйымдары қызмет көрсетті. Шара кезінде әрбір жиырмасыншы жолаушыға Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойына арналған сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ аудиожазбалардағы өнерлі жастардың туындылары тыңдалды.
Шараға разы болған жолаушылар оны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін