Қызылордада «Тегін маршрут» атты жаңа акция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Тегін маршрут» атты жаңа акция өтті

Қызылордада «Тегін маршрут» атты жаңа акция өтті

Кеше Қызылордада қалаішілік көліктер қатынасы желісінде «Тегін маршрут» деп аталатын жаңа акция болып өтті. Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда жастары» қауымдастығы ұйымдастырды.

  • 27 Мамыр 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

Акция барысында №1 және №18 маршруттағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасыды. Онда тәулік бойына жастар ұйым­дары қызмет көрсетті. Шара кезінде әрбір жиырмасыншы жолаушыға Тәуел­сіз­діктің 20 жылдық мерейтойына арналған сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ аудиожазба­лардағы өнерлі жастардың туын­дылары тыңдалды.

Шараға разы болған жолаушылар оны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар