Қызылордада «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасы басталады

Қызылордада «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасы басталады

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту және «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын іске асыру мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасын өткізбек, деп хабарлады министрліктің Баспасөз қызметі.

  • 7 Қараша 2012
  • 427
Фото - Caravan.kz

Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың 15 жеңімпазы қатысып, өз білімдерін ортаға салады.

Олимпиаданың міндетті шарты — алдыңғы деңгейден (кезеңнен) өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.

Олимпиаданың республикалық туры келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

— Берілген тақырыпқа сай «тұсаукесер» (презентация), тақырып бойынша эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуге тиіс:

Бірінші кезең — қазақ тілін білу;

Екінші кезең — ағылшын тілін білу;

Үшінші кезең — орыс тілін білу.

Талапкерлердің өнерін қазылар алқасы бағалайды.

Шараның негізгі мақсаты: үш тілді — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген таланттарды тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар