Қызылордада «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Қызылордада «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қызылорда қаласында «Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 9 Қараша 2012
  • 480
Фото - Caravan.kz

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Ажар Әбенова (Алматы қаласы) жеңіп алды. І орынды қызылордалық Лаура Байтоқаева жеңіп алса, ІІ орын Солтүстік Қазақстан облысынан келген Әйгерім Қожахметоваға берілді, ал астаналық Зәмзәгүл Сағадиева ІІІ орынды місе тұтты. Ынталандыру сыйлығы Жанна Жауқароваға (Алматы облысы), Мөлдір Көжекбаеваға (Атырау облысы), Меруерт Егізбаеваға (Маңғыстау облысы) және Мөлдір Әмірбековаға (Оңтүстік Қазақстан облысы) табыс етілді.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың 15 жеңімпазы қатысып, өз білімдерін ортаға салды.

Олимпиаданың республикалық туры мына аталымдар бойынша өткізілді:

— Берілген тақырыпқа сай «тұсаукесер» (презентация), тақырып бойынша эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен өтуге тиіс:

Бірінші кезең — қазақ тілін білу;

Екінші кезең — ағылшын тілін білу;

Үшінші кезең — орыс тілін білу.

Шараның негізгі мақсаты: үш тілді — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Соңғы жаңалықтар