Қызылордада «Тұран топырағының даңқты перзенті» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Тұран топырағының даңқты перзенті» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Қызылордада «Тұран топырағының даңқты перзенті» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Бүгін Қызылордада алты алаштың қамын жеген Жетісу өңіріндегі атақты Орбұлақ шайқасында күші басым жауды түре қуған, Самарқанның Регистан алаңында «Шир Дор», «Тіллә қари» медреселерін салдырған Сыр елінің перзенті Жалаңтөс Баһадүрге арналған дүбірлі той жалғасып жатыр.

  • 9 Қыркүйек 2010
  • 927
Фото - Caravan.kz

Тойдың жалғасы ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Студенттер сарайында «Тұран топырағының даңқты перзенті — Жалаңтөс Баһадүр» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция болды.

Конференцияда облыс әкімі Болатбек Қуандықов сөз алып, бүгінгі бабаға арналып өтіп жатқан дүбірлі тойдың ерекшеліктеріне тоқталды. Мұнан кейін «Жалаңтөс Баһадүр» қорының төрағасы Ыдырыс Қалиевке «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы тапсырылды.

Конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы «Қыпшақтану» орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессоы Болат Көмеков «Қазақстан тарихының проблемалары және Жалаңтөс батыр», «Мемлекет тарихы» институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған «Ұлт азаттық қозғалыс: Қазіргі Қазақстан тарихнамасына жаңаша көзқарас», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің «Ирантану және үндітану» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, академик Өтеген Күмісбаев «Жалаңтөс батыр образының поэзияда бейнеленуі», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Берекет Кәрібаев «Жалаңтөс Баһадүр дәуіріндегі Қазақ хандығы», Абылай хан атындағы шетел тілдері және халықаралық қатынастар университетінің оқытушысы, Мадрид университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Өтениязов «Жалаңтөс Баһадүр өмір сүрген заманның проблемалары», Қызылорда облысының әкімі аппаратының инспекторы Бегімбай Ұзақбаев «Жалаңтөс Баһадүрдің Орталық Азия мен Қазақстан аймағындағы ықпалы мен көрегендік саясаты» тақырыбына баяндамалар жасады.