Орталық директоры Смағұл Сейітовтың атап көрсетуінше, Қызылорда облысында құрдымға кеткен Арал теңізімен қоса ғарыш айлағы жұмыс істейтіні, сондай-ақ, уран өңдеу жұмыстары жүргізілетіні мәлім.
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен құрылған орталықтың мамандары алдына аймақтағы экологиялық ахуалға шынайы баға беру, экологиялық апаттың нұқсанды зардаптарын жоюға және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бағытталған ғылыми негізді нұсқаулар жобасын әзірлеу мақсаты қойылып отыр.
Арал аймағы тұрғындарының денсаулығын сақтау және қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жөніндегі орталық ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының жұмыс жоспарына қамтылды.