Қызылордада тырысқаққа байланысты карантин алынды, бірақ гепатитке қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада тырысқаққа байланысты карантин алынды, бірақ гепатитке қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр

Қызылордада тырысқаққа байланысты карантин алынды, бірақ гепатитке қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр

Қызылорда мен қала маңындағы темір жол бекеттерінде тырысқаққа байланысты карантин алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінің директоры Ерсұлтан Қуандықов хабарлады.

  • 9 Тамыз 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

Алайда Е.Қуандықовтың айтуынша, «санитарлық дәрігерлер үшін бойды босқа салатын мерзім әлі жеткен жоқ». 2004-жылғымен салыстырғанда ауыр ішек инфекцияларының саны азайғанымен, бұл көрсеткіш жалпы республикалық орташадан 39 процентке артық. Вирусты гепатит індетіне қатысты күрделі ахуал сақталып отыр. Облыста бұл дертке шалдығу деңгейі әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 58,1 жағдайдан 82,5-ке дейін өсті.

Е.Қуандықовтың айтуынша, аймақтағы ауыз су тауқыметі әлі жойылған жоқ. 2004-жылы орталықтандырылған су қамтамасыздығы жүйесінен жіберілетін су сапасының сәйкессіздігі 4,8 процентті құраса, 2005-жылы бұл 6 процентке жетті. Ауыл тұрғындары көп жағдайда ашық су қоймаларындағы суды тұтынуға мәжбүр. Егер еліміздегі әрбір ауыл тұрғынының үлесіне тәулігіне 125 литрден су келсе, Арал өңірінде бұл сан 10 есе аз.

Перейти к новостям спорта