Қызылордада ұлттар достығы тақырыбына арналған фестиваль болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ұлттар достығы тақырыбына арналған фестиваль болып өтті

Қызылордада ұлттар достығы тақырыбына арналған фестиваль болып өтті

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атын­дағы мәдениет үйінде «Мақсаттар бірлігі - рух бірлігі» атты фестиваль болды.

  • 10 Мамыр 2011
  • 1275
Фото - Caravan.kz

Шараға облыстағы этно-мә­дени орталықтардың жетек­шілері, кент арда­герлері мен мекеме, ұжым қыз­­меткерлері, мектеп мұға­лім­дері қатысты.

Ұлттар достығы тақырыбына арналған фестивальді облыстық ішкі саясат басқарма­сының бастығы Руслан Рүстемов ашты.

— Елбасының сара саясатының арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан игі істері басқа мемлекеттерге үлгі болуда, — деді ол.- Аймақтағы ұлттық мәдени орталықтар облыс өміріне белсене араласады. Бүгінгі достық мерекесі де жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір ұлттар арасындағы татулықты айғақтайды.

Жиында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы хатшы­лығының меңгерушісі Асылбек Жұма­баев, Тасбөгет кенті ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Жұмабек Тәжімов, түрік мәдени-ұлттық орталығының төрайымы Гүлшін Гейдарова сындарлы уақыт тезінен өтіп, шыңдалған достықтың ұзақ жасайтынын тілге тиек етті.

Достық фестивалінің соңы этно-мәдени орталықтар мен жергілікті өнерпаз­дардың концертіне жалғасты.

Перейти к новостям спорта