Қызылордада үш жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада үш жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

Қызылордада үш жасар баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

Қызылорда облысында полицейлер жоғалып кеткен бүлдіршінді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 13 Тамыз 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

 2015 жылдың 5 тамызы күні 3 жасар бүлдіршін екі ағасы мен әкесіне еріп, Жосалы кентінің шет жағында орналасқан «Калинин» елді мекеніне шөп шабуға барады. Екі ұлы үйден айыр алып келуге кеткен уақытта, әкесі 2012 жылы туылған Алтайұлы Баубектен көз жазып, жоғалғанын кеш байқайды.

Із-түссіз жоғалып кеткен бүлдіршінді табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция жасағы, ҚР Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің қызметкерлері, иісшіл қызметтік иттері, төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлері мен техникалық құрал-жабдықтары жұмылдырылды. Іздестіру шараларына аудандық әкімшілік қызметкерлері, жергілікті аудан тұрғындары мен еріктілер тобы да қосылып, жоғалып кеткен жерінен оңтүстік жаққа қарай 3 шақырым, солтүстікке қарай 4 шақырым, батыс жақта орналасқан «Калинин», шығыс бетте орналасқан «Сарыөзек» елді мекендері толықтай араланды. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеуде.

Осыған сәйкес, баланы көрген-білгендер болса, полицияға хабарласуын сұраймыз. Үстінде болған киімдері — қара түсті футболка, көк түсті шапка, қара түсті шорты, көк түсті сандалии бар,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар