Қызылордада волейбол ардагерін еске түсіруге арналған турнир өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада волейбол ардагерін еске түсіруге арналған турнир  өтті

Қызылордада волейбол ардагерін еске түсіруге арналған турнир өтті

Қызылордада Қорқыт ата атындағы мемелекеттік университеттің «Сейхун» спорт-сауықтыру кешенінде волейболдан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Николай Шиндинді еске түсіруге арналған турнир аяқталды.

  • 15 Ақпан 2011
  • 658
Фото - Caravan.kz

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысты.

Үш күнге созылған сайыстың финалында Байқоңыр қаласының «Құрылыс» командасы «Қорқыт ата атындағы ҚМУ» командасын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, бас жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарабұлақ» командасы табан тіреді.

Турнирде үздіктерге арнайы жүлделер табыс етілді. Онда Әсет Медеуов «Үздік ойыншы» (Байқоңыр), Алик Ибраев «Үздік үйлестіруші» (Байқоңыр), Жансерік Әбдуаитов «Үздік либерон» (Қызылорда), Асхат Өмірбаев «Үздік шабуылшы» (Байқоңыр), Бексұлтан Темірбеков «Ең жас спортшы» (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы), Алла Ранова «Үздік төреші" (Қызылорда) аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен, естелік сыйлықтарымен және Қорқыт ата атындағы ҚМУ естелік сыйлықтарымен марапатталды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера