Қызылордада волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры өтті

Қызылордада волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры өтті

Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы «Сейхун» сауықтыру-спорттық кешенінде волейболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасы XX чемпионаты жоғары «Б» тобының II айналымы аяқталды.

  • 23 Желтоқсан 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Оған Қостанай, Тараз, Теміртау, Хромтау, Өскемен, Қызылорда қалаларынан 6 команда қатысты.

Бес күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Теміртау қаласының «ВСМК Арселормиттал» командасы 15 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, 11 ұпаймен Тараз қаласының «Тараз — ТарГу» командасы екінші орынға, Қызылорданың «Қорқыт Ата — ҚМУ» командасы 9 ұпаймен үшінші орынға орналасты.

Турдың қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясымен «Асхат Өмірбаев» (Қорқыт Ата — ҚМУ» командасы, Қызылорда ), Антон Каратаев («ВСМК Арселормиттал» командасы, Теміртау ), Олег Кондратенко («Казхром-2» командасы, Хромтау), Валентин Канакаев («КИнЭУ» командасы, Қостанай ), Юрий Башкатов («Тараз-ТарГу» командасы, Тараз) марапатталды.

Жарыстың үшінші айналымы — ақпан айында Хромтау қаласында, төртінші айналымы — наурызда Өскемен қаласында, бесінші айналымы сәуірде Теміртау қаласында өтеді.