Жарияланды: 500

Қызылордада Жаңа жылдық мерекелік кештер 28-30 желтоқсан күндері өтеді

Қызылордадағы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мемлекеттік мекемелерде Жаңа жылдық мерекелік кештер 28-30 желтоқсан аралығында өтеді.

Солардың ішінде «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі», «Психикалық жүйке ауруларының интернаты», «Қазалы психикалық жүйке ауруларының интернаты», «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі», «Мүгедектерді оңалту орталығы» «Кел, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шаралар өткізбек. Тәрбиеленушілердің қатысуымен жаңа жылдық салтанатты іс-шаралар мерекелік дастарқанмен жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін