Жарияланды: 440

Қызылордадағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Қызылордадағы тұрғын үйде газ баллонының жарылуы салдарынан 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жексенбі, 25 қараша күні Алматыдағы Сакко Ванцетти көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын тілі 60 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖ орнында 1950 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 17 адамы мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды. Сол күні Қызылорда маңындағы Тасбөгет кентінде орналасқан Тасарық шағынауданындағы 2 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде 25 келілік газ баллоны жарылды. Соның салдарынан бұл пәтердің 17 шаршы метрдегі жабындысы опырылып құлап, көршілес үш пәтердің қабырғаларында жарықтар пайда болды. 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыс кезінде түрлі дәрежеде күйік шалған 1970 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. 1977 жылғы әйел мен 13 және 12 жастағы жасөспірімдер медициналық көмек алған соң үйлеріне қайтарылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін