Қызылордадан 800 бас қозы Иранға жөнелтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадан 800 бас қозы Иранға жөнелтіледі

Қызылордадан 800 бас қозы Иранға жөнелтіледі

Қызылорда әкімшілігі биыл 10-15 мың бас тірідей қозы және ірі қара малдарды экспортқа шығармақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

  • 1 Тамыз 2017
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Облыс аумағынан тірі қойларды экспорттау үшін барлық мәселелер өз шешімін тапты. Бүгінде Иран мемлекетінен келетін ұшақты күтудеміз. Осы мақсатта Жаңақорған ауданындағы «Нұрболат» шаруа қожалығынан алғашқы 800 бас қозы сатып алынды», — деді П. Сыздықов.

Алдағы уақытта облыстан қой малынан бөлек мүйізді ірі қара малын да экспорттау жоспарлануда.