Қызылордадан Лондон Олимпиадасына Илья Ильин мен Алмас Өтешов баратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадан Лондон Олимпиадасына Илья Ильин мен Алмас Өтешов баратын болды

Қызылордадан Лондон Олимпиадасына Илья Ильин мен Алмас Өтешов баратын болды

Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан Қазақстанның кезекті чемпионатында еліміз атынан Лондон Олимпиадасына қатысатын зілтеміршілердің есімдері белгілі болды.

  • 8 Маусым 2012
  • 544
Фото - Caravan.kz

Қазақстан құрамасы бұған дейін Парижде өткен әлем чемпионатында қол жеткізген 8 лицензияны осы біріншілікте таратты. Олардың 4-еуі — әйел, 4-еуі ер спортшыларға берілді. Жігіттерге бөлінген 4 жолдаманың екеуін қызылордалық атлеттер Илья Ильин мен Алмас Өтешов жеңіп алды. Бұлардың арасындағы Ильяның Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің ерлер арасындағы 3 дүркін, жастар арасындағы 2 мәрте чемпионы екенін жанкүйер қауым жақсы біледі. Ал Азияның чемпионы атанған Алмас мұндай атақтарға енді талпынып жүр.

Қызылордалық спортсүйер қауым өздерінің осы екі жерлесіне де Лондон төрінде жеңіске жетуді тілейді.

Осымен Сыр өңірінен Тұманды Альбион топырағындағы аламан бәйгеге қатысатын саңлақтардың саны үшеуге толып отыр. Бұл аймақтан ондай жолдаманы осының алдында еркін күрес шебері Дәулет Ниязбеков жеңіп алған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера