Қызылордаға кіре-беріс жердегі аумақтан 10 мина табылды
|
Бүгін Қызылордада Жаңадария өзенінің үстімен өтетін көпір мен әуежайға апаратын жол жабылды. Қалаға кіре-беріс жердегі осы аумақтан 10 мина табылған.
Өзен жағасында шашылып жатқан миналар туралы ақпарды тәртіп сақшыларына сол маңдағы балықшылар жеткізіпті. Оқиға орнына дереу «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағы мен әскерилер тартылып, маңайы түгел қоршауға алынған. Тіпті Оңтүстік Қазақстан облысынан саперлер де шақырылды. Миналардың жетеуі танкіге, үшеуі жаяу әскерге қарсы қолданылатын жарылғыш. Сондай-ақ, саперлер автомат пен пулеметтің 6 оқсалғышын тапқан. Тек барлығы оқу-жаттығуға арналған қару-жарақ екен. Ал олардың Жаңадария жағасында қайдан жатқанын құзырлы орындар анықтауда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін