Қызылордалық Ә.Балхаев - әлем чемпионатының қола жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Ә.Балхаев - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қызылордалық Ә.Балхаев - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Перудің астанасы Лима қаласында 10-15 мамыр аралығында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты болып өтті.

  • 17 Мамыр 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

Осы бәсекеде Сыр бойынан барған 17 жасар Әділбек Балхаев 69 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде — 130, серпе көтеруде — 155, қос сайыстың қорытындысы бойынша 285 келіні бағындырды.

Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернат түлегі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділбек бұған дейін ел кубогінің жеңімпазы, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының бес дүркін, жастар арасында екі дүркін чемпионы, ересектер арасында екі мәрте қола жүлдегер атанған.

Биылғы жылы ұлттық құрама команда сапына қабылданды. Айта кетерлігі, Әділбектің халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсетуі — бұл үлкен жетістік.

Ол жаттықтырушы Арман Әбдіреевтің қарауында жаттығады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера