Қызылордалық Әсел Серікбай - әлем чемпионатының күміс жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Әсел Серікбай - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Қызылордалық Әсел Серікбай - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Қызылордалық Әсел Серікбай Румынияның Яссы қаласында мектеп оқушылары арасында өткен әлем чемпионатында он бір жасқа дейінгілер арасында күміс медаль жеңіп алды.

  • 10 Мамыр 2012
  • 678
Фото - Caravan.kz

Он жастағы Әсел турнирді сәтсіздеу бастады. Ол алғашқы 4 турда бар болғаны 2 ұпайға ие болды. Содан соң намысқа қамшы басқан сырбойылық саңлақ қыз қатарынан бес рет жеңіске жетіп, ұпай санын 7-ге толтырды. Бұл оның чемпионатта екінші болуын қамтамасыз етті.

Бұған дейін өз қатарлары арасында еліміздің бірнеше рет чемпионы болып үлгенген бүлдіршін олимпиялық резервтегі №2 облыстық арнайы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оқиды. Ол енді күзде Словенияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалады.