Қызылордалық Бағдәулет Төлегенов Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Бағдәулет Төлегенов Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды

Қызылордалық Бағдәулет Төлегенов Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды

Қызылордалық палуан Бағдәулет Төлегенов жақында Үндістанның Пуне қаласында қазақ күресінен өткен XVII Азия чемпионатында қола жүлдегер атанып қайтты.

  • 4 Қаңтар 2012
  • 543
Фото - Caravan.kz


Құрлықтың 13 елінен қатысқан боз кілем шеберлері арасындағы белдесуде Сыр бойының оғланы 70 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға табан тіреді. Жалпы, палуандар дүбірлі додада бес салмақ санаты бойынша жүлделер иелерін анықтады. Командалық бас жүлде үшін талас Қазақстан, Қырғызстан, Иран және Моңғолия сайыпқырандары арасында өтті. Онда Қазақстан командасы бірінші орынға ие болды.