Қызылордалық балғын боксшылар халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық балғын боксшылар халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті

Қызылордалық балғын боксшылар халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында еңбек ардагері Дүйсенов Керімбайды еске түсіруге арналған бокстан 1995-1996 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен III халықаралық жарыста қызылордалықтар жақсы өнер көрсетті.

  • 13 Сәуiр 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Оған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 122 балғын боксшы қатысты.

Жарыс 14 салмақта өткізілді. Қызылорда облысынан 4 спортшы қатысып, төртеуі де жүлдемен оралды. Атап айтсақ, 46 келіде Бауыржан Смағұл (Тасбөгет БЖСМ) мен 50 келіде Әлібек Басапа (Спорт интернат) чемпион атанды. 80 келіде Руслан Сағат (№1 ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленсе, 54 келіде Ернұр Өлмесбек (Тасбөгет БЖСМ) қола жүлдені иеленді.

Енді жеңімпаз атанған спортшылар С.Бауыржан мен Б.Әлібек шілде айында Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады.