Қызылордалық боксшы ағайынды Кличколарға қалай бокстасу керектігін көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық боксшы ағайынды Кличколарға қалай бокстасу керектігін көрсетті

Қызылордалық боксшы ағайынды Кличколарға қалай бокстасу керектігін көрсетті

Қызылордалық боксшы Құлахмет Тұрсынбай Украинаның Бердичев қаласында ағайынды Кличколардың жүлдесі үшін жастар арасында өткен халықаралық XIV турнирде 75 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды жеңіп

  • 4 Шiлде 2012
  • 507
Фото - Caravan.kz

алып, алтыннан алқа тақты.

Шілденің 1-і күні кешке аяқталған бұл жарыста Сыр бойынан барған былғары қолғап шебері үш қарсыласынан басым түсті. Жалпы, бұл турнирде Қазақстан жастар құрамасы 9 медальды олжалады. Олардың төртеуі алтын, екеуі күміс, үшеуі қола жүлделер. Тұғырдың биік сатысына Құлахметтен бөлек, астаналық Әділжан Әділбек (56 кг), қарағандылық Тимур Пірназаров (60 кг), тараздық Айтжан Шілеев көтерілді. Күміс медальге астаналық Мадияр Жанұзақ (52 кг), алматылық Сұлтан Әбдірайым (49 кг) ие болды. Қола жүлделер Шығыс Қазақстан облысының өкілі Әділет Құрметов (49 кг), шымкенттік Әділет Әлібек (64 кг) және алматылық Қанағат Ахметов (+91 кг) сынды боксшыларға бұйырды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера