Экология және өндірістік қауіпсіздік мәселелерін басты назарда ұстаған кандидат ақ халаттылармен қоршаған ортаға төнген қатер төңірегінде сөз қозғады. Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасы дәрігерлерді қызықтырса керек, ұзақ жиыннан кейін кандидатқа сұрақтарын жаудырды. Олар да табиғаттың адам өміріне маңызы ерекше дейді. Себебі, түрлі аурулар да осы ауаның ластануынан туындайтыны мәлім. Сондықтан ел президенттігіне үміткер жарқын болашаққа дені сау ұрпақпен қадам басуға шақырды.
Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:
-Адамға сана берілді. Сол арқылы ол табиғатта алатын орнын түсініп, жер шарындағы өз міндетін түсініп, айқындауға мүмкіндік алды.