Қызылордалық Денис Фадеев ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 125 балл алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Денис Фадеев ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 125 балл алды

Қызылордалық Денис Фадеев ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 125 балл алды

Қызылордадағы №9 қазақ-түрік лицейінің түлегі Денис Фадеев ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары 125 балл алды.

  • 14 Маусым 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бір кездері ата-аналарының қалауымен осы білім ордасына келіп түскен Денис қазір орыс, қазақ, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Ол енді Назарбаев Университетіне барып оқуды қалайды.

Жалпы, соңғы жылдары облыста ең жоғары балл алғандардың барлығы дерлік осы лицей шәкірттерінің арасынан шығып жүр. Себебі, мұнда балаларға өте сапалы және жан-жақты білім берілетіні айдан- анық жәйт. Мәселен, биылғы жылы бұл оқу орнын 43 түлек бітіріп отырса, әртүрлі халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 8 шәкірт ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылған. Олар енді еліміздегі кез келген жоғары оқу орына түсіп, оқуларын жалғастыра алады.

Лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрсұлу Қуантаеваның айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан қалған 35 түлектің орташа бағасы 116 балл болыпты. Алайда 100 пайыздық биіктікті бағындыру дерегі лицей тарихында бірінші рет кездесіп отыр. Сол сияқты Дениспен қатар оқыған тағы бір оқушы — Еркебұлан Әбенов одан бір ғана ұпай кем алып, 124 балл жинаған. Лицейде биыл 8 «Алтын белгі» иегері шығып отыр. Тағы 12 бала жаңа үлгідегі аттестат алу құқығына ие. Осының бәрі аталмыш оқу орнының облыс мектептерінің көп жылдардан бергі көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар