Қызылордалық дзюдошылар халықаралық турнирдің Кубогын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық дзюдошылар халықаралық турнирдің Кубогын жеңіп алды

Қызылордалық дзюдошылар халықаралық турнирдің Кубогын жеңіп алды

Шымкентте мәреге жеткен дзюдодан командалық халықаралық турнирде Қызылорда облысының құрама командасы бірінші орынды жеңіп алды.

  • 25 Сәуiр 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бұл додаға Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен командалар қатысты.

Сыр бойының дзюдошы жігіттері жартылай финалда Оңтүстік Қазақстан облысының командасын 4:3 есебімен жеңсе, финалда Қырғызстан құрамасын 5:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар бас бәйгені алып қайтты.