Қызылордалық дзюдошылар қоржынында - 3 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль - kaz.caravan.kz
  • $ 489.3
  • 578.94
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық дзюдошылар қоржынында - 3 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль

Қызылордалық дзюдошылар қоржынында - 3 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль

Дзюдо күресінен 1997-1998 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 3 алтын,

  • 26 Мамыр 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

1 күміс және 6 қола медаль алып қайтты. Бұл туралы облыстық туризм және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова хабарлады.

Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Сыр бойының спортшылары жоғарыдағы медальдар саны бойынша командалық екінші орынға шықты. Ал бірінші орынға Тараз қаласының дзюдошылары ие болса, үшінші орынға Шымкент шаһарының спортшылары орналасты.