Қызылордалық ер адам бұрынғы жұмыс орнына “жарылғыш зат қойған” - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық ер  адам бұрынғы жұмыс орнына “жарылғыш зат қойған”

Қызылордалық ер адам бұрынғы жұмыс орнына “жарылғыш зат қойған”

Қызылорда облысында мас ер адам бұрынғы жұмиыс орнына жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген.

  • 9 Қаңтар
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы Тасбөгет кентінде орналасқан медициналық мекемеге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған. Алайда аталған ғимараттан жару-техник мамандарымен тексеріліп, онда жарылғыш зат табылмаған. Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген мекеменің бұрынғы қызметкері 47 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізген.

Тергеу барысында жалған хабарлама берген азамат қызметінен босап қалуына байланысты ызаланып, масаң күйде хабарлама бергені анықталған. Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар