Қызылордалық Ербол Киікбаев - ел чемпионы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Ербол Киікбаев - ел чемпионы

Қызылордалық Ербол Киікбаев - ел чемпионы

Қызылордалық балуан Ербол Киікбаев Орал қаласында болып өткен еліміздің грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы біріншіліктің алтын медалын жеңіп алып қайтты.

  • 24 Сәуiр 2012
  • 561
Фото - Caravan.kz


Бұл чемпионатта сырбойылық жас бозкілем шеберлері жалпы саны төрт жүлдеге қол жеткізді. Осы сайыста Есенгелді Жалғасбаев — күміс, Алмат Әуешев пен Мақсат Байарыстанов қола медальдардың иегері атанды. Олардың барлығы да Қызылорда қаласындағы шеберлікті арттыру спорт мектебінің шәкірттері болып табылады. Балғын балуандарды бұл жарысқа облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сағаев дайындады.