Қызылордалық футбол жанкүйерлері қаранәсілді ойыншыдан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық футбол жанкүйерлері қаранәсілді ойыншыдан кешірім сұрады

Қызылордалық футбол жанкүйерлері қаранәсілді ойыншыдан кешірім сұрады

Қызылордалық футбол жанкүйерлері қаранәсілді ойыншы Изу Азукадан кешірім сұрады. Ал оған ғайбат сөйлеген азаматқа қатысты құқық қорғау органдары шара қолданбақ.

  • 21 Тамыз 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Бұл дау Қызылордада өткен жергілікті «Қайсар» мен тараздық коменда арасындағы матчтан басталған еді. Алдымен «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Сергей Кейлер Изуды нәсіліне байланысты кемсітті делінді. Соның ізін ала қызылордалық фанаттардың бірі былапыт сөздер айтқан. Дегенмен, мұндай жүгенсіздік бірінші рет болып отыр деген қызылордалық клуб басшылары қазір полициямен бірге тентек жанкүйерге әкімшілік шара қолданғалы жатыр. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясы Қайсардың келесі ойынын жанкүйерсіз өткізу мәселесін де қарастыруда. Айта кетейік, бұл ойында есеп теңбе-тең, яғни 0:0 болды.

Дәулет Теңізбаев, «Степные волки» фан-клубының жетекшісі:

— Біз Изу Азука мен тараздық жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. «Қайсар» сапында да қаранәсілді ойыншылар болды. Біз оларды «қара бала» деп атайтынбыз.  Дегенмен, бір адамның ерсі қылығына байланысты бәрімізге топырақ шашуға да болмас. Арамыздағы жылы қарым-қатынас сақталады деген ойдамын.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар