Қызылордалық гір көтерушілер Бүкіләлемдік ойындардан 12 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль алып оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық гір көтерушілер Бүкіләлемдік ойындардан 12 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль алып оралды

Қызылордалық гір көтерушілер Бүкіләлемдік ойындардан 12 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль алып оралды

Ресейдің Архангельск қаласында гір спортынан ардагерлер арасында өткен I Бүкіләлемдік ойындарға қатысқан қызылордалық үш ардагер жалпы саны 12 алтын, 8 күміс, 4 қола медаль алып қайтты.

  • 25 Тамыз 2011
  • 644
Фото - Caravan.kz


Жалпы, жарысқа 25 мемлекеттің ардагер спортшылары қатысты. Турнирде 40-45 жас аралығындағылар арасында 60 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан Қармақшы ауданының тұрғыны, Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде нұсқаушы қызметін атқаратын Оразбек Медетбаев 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді жеңіп алды. 50-54 жастағылар қатарында сынға түскен Жалағаш ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек ететін Өтеулі Елібаев (75 кг) 4 алтын, 3 күміс 1 қола медальді қоржынға салды. Сонымен қатар, аталған жастағы жаңақорғандық Серік Ибрагимов (85 кг) 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера