Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
12-13 жас аралығында сынға түскен Ақмарал Бекназар (+45 келі) мен 18-ден жоғары жастағылар арасында Салтанат Исмаилова (53 келі) алтыннан алқа тақты. Ал 47 келіден жоғары салмақта Диана Досқали (14-15 жас), 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас) күміс жүлдені еншілесе, 10-11 жас аралығында Әсемгүл Ердәулет пен 16-17 жас аралығында Қуандық Мантай 3-ші орынды иеленді.
Айта кетейік, спортшыларды айтулы додаға Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет дайындады.