Қызылордалық каратэшілер жастар чемпионатынан жеті медальмен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық каратэшілер жастар чемпионатынан жеті медальмен оралды

Қызылордалық каратэшілер жастар чемпионатынан жеті медальмен оралды

Қызылорда облысының жас каратэшілері Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткен жастар арасындағы каратэ-додан еліміздің чемпионатынан жеті медальмен оралды.

  • 27 Сәуiр 2012
  • 447
Фото - Caravan.kz

Аталмыш жарыста Сыр өңірінің спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, кумитэ бағдарламасы бойынша Мөлдір Жаңбырбай (47 келі) чемпион атанып, ҚР-ң спорт шебері нормативін орындады. Мансұр Қали (52 келі) екінші орынды алды. Ал Диана Досқали (47 келі), Шыңғысхан Қасымханов (76 келі), Ернұр Сапи (55 келі), Арайлым Еркебаева (59 келі) және қомандалық кумитэде Аяжан Жәнібекова, Арайлым Еркебаева, Ақсүйрек Бекнияз үшінші орынды иеленді.

Алдағы шілде айында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына Мөлдір Жаңбырбай жолдама алды.

№2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығатын спортшылардың бапкерлері облыстың аға жаттықтырушысы Тағдырберген Жаналиев, Рүстем Әбжәмиев, Еркін Боханов, Талапберген Әбдіраманов, Рустам Орлов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера