Сыр бойынан барған жас талант иесі Қазақстаннан басқа, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Литва, Қытай секілді елдерден жиналған құрбы-құрдастары арасында өзінің ерекше даусымен көзге түсті. Байқауда ол қазақтың халық әнімен бірге итальян әуенін шарықтатты.
Мамандар Нұржанның қайталанбас дауысын қазақстандық даңқты әнші, тенор Әлібек Дінішевтің мақамына ұқсайтындығын айтып өтті.
Жас әншіні байқауға өзінің ұстазы Бақыт Жаппасбаева дайындады. Нұржан Жұмағали бүгінде Қызылордадағы Өнер мектебінің хор әні бөлімшесінде жоғарыда аталған оқытушының қарауында оқиды.