Caravan Logo

Қызылордалық оқушылар тозығы жеткен мектепте білім алуға мәжбүр

Қызылордалық оқушылар тозығы жеткен мектепте білім алуға мәжбүр

Сырдария ауданындағы бұл мектепке кіріп-шығу үшін шәкірттер басын бәйгеге тігуге мәжбүр. Отыз жыл бұрын салынған нысанның әбден тозығы жеткен. Енденімен ептеп жүрмесең отырылып кетуі де ғажап емес. Парта, орындық туралы сөз қозғаудың өзі артық, әбден ескірген. Оқу құралдары алдағы маусымға шыдас бермесі анық. Сондықтан оқушылар осы жылы тікесінен тік тұрып тәлім алулары мүмкін.

Асылхан Дүйсенбеков, мектеп директоры:

- Сапасы төмен боп жатыр.Оқушылыр бүлдіреді, мұны енді өзіміз қолдан жөндеп жатырмыз және аудандық білім бөліміне парталардың, тақталардың жетіспейтіні жөніде сұраныс бергенбіз.

Ал Жалағаш ауданындағы мына орта мектепке ерте көктемде күрделі жөндеу жұмысы басталған. Осы айдың соңында құрылыс жұмысы аяқталуы тиіс. Алайда, жұмысшылардың жайбарақат жатысына қарап, нысанды межелі мерзімде өткізеді дегенге сену қиын. Білім ошағының директоры да оған күмәнмен қарайтын тәрізді. Өйткені өзі оқушыларын өзге мектептерге жіберуге қамданып қойыпты.

Гүлзат Құрманбаева,  мектеп директоры:

- 1-4 сынып оқушылары аудандық оқушылар үйінде оқытылады. Және 5-10 сынып оқушылары 202 орта мектепте 1 аусымдық мектепте 2-аусымда оқытылады.

Осы ауданның тағы бір мектебі жергілікті биліктің бас ауруына айналып отыр. Үш жүз оқушыға арналған білім ошағының құрылысын жауапсыз мердігер аяқсыз қалдырыпты. Қазір шенеуніктер компания басшысымен соттасуда.

Loading...