Қызылордалық қос журналист «Мәдениет қайраткері» атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық қос журналист «Мәдениет қайраткері» атанды

Қызылордалық қос журналист «Мәдениет қайраткері» атанды

ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Баспасөз, телевидение және радио күніне орай шығарған бұйрығына сәйкес,

  • 29 Маусым 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz


министрліктің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталған БАҚ өкілдері арасында Қызылорда облысының екі журналисі бар. Олардың бірі облыстық «Сыр бойы» газетінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бердібаев болса, екіншісі — Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Өркен Исмаил. Б. Бердібаев 1978 жылдан бері баспасөз саласында табан аудармай қызмет атқарып келеді. Бұл саладағы қызметін аудандық газеттен бастаған ол содан кейінгі жылдары облыстық телерадиокомпанияда және облыстық газетте жалғастырды. Арасында Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист кадрларын дайындау ісіне араласып, оқытушы да болды. Ал Ө. Исмаил осыдан отыз жыл бұрын Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып жүрген кезінде республика ішкі істер органдары арасындағы тұңғыш ансамбль — «Жалын» тобын құрған энтузиаст. Сол ансамбль кейін Одақ көлеміне дейін шығып өнер көрсетіп жүрді. Ал топ жетекшісі кейінгі жылдары аудандық газеттің шығармашылық ұжымын басқарып жүр.

Соңғы жаңалықтар