Қызылордалық Р.Сваев Ташкент турнирінен күміс жүлдемен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Р.Сваев Ташкент турнирінен күміс жүлдемен оралды

Қызылордалық Р.Сваев Ташкент турнирінен күміс жүлдемен оралды

Қызылордалық Рустам Сваев Ташкентте өткен Сидней Джексон атындағы халықаралық турнирден күміс медальмен оралды.

  • 16 Мамыр 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

10 салмақ дәрежесі бойынша өткізілген турнирге 12 мемлекеттен 150 былғары қолғап шебері қатысты. Аталмыш жарыста Қазақстан құрама командасы сапында жерлесіміз 69 келі салмақта сынға түскен Р.Сваев финалда есе жіберді. Ол қазір маусым айында Иордания мемлекетінде өтетін Азия чемпионатына дайындалу үстінде.

Осы уақыт аралығында Алматыда бокстан Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұр­ма­ғамбетов атындағы халықаралық турнир болдыі. Осымен 16-рет ұйым­дас­тырылып отырған тур­нир­ге 12 елден, 170 спортшы қатысты.

Бұл сында Қызылордадағы жоғары спорт шеберлігі мектебінен 60 келіде Шахноза Исаханова мен 91 келіде Қамшыбек Қоңқабаев екінші орынды иеленді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера