ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Қалдыбек Абдуллаевтың айтуынша, «КамАЗ» автокөлігі Арал қаласынан шыға берісте тексеру үшін тоқтатылған. Жүк көлігінің тіркемесінің кузовынан қара жасыл түсті зат салынған 24 полиэтилен дорба табылды. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, дорбаларда 66 килограмм 984 грамм марихуана мен 2 килограмм 24 грамм гашиш бар болып шықты.
Көлік жүргізушісі ұсталды. Қазір тергеу жүргізілуде.
Қ.Абдуллаевтың айтуынша, қазір елімізде «Құқық пен тәріп» шұғыл-профилактикалық шарасы жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті сақтауға тәртіп сақшыларына Қызылорданың заңгерлік жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын 70 студент пен 210 адам көмектесуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті