Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Федерация Кубогында екінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Федерация Кубогында екінші орын алды

Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Федерация Кубогында екінші орын алды

Тоғызқұмалақтан Федерация Кубогы үшін Көкшетауда жекелей және командалық жарыста Қызылорда облысының тоғызқұмалақшылары екінші орынды жеңіп алды.

  • 25 Тамыз 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Жарысқа 14 жасқа дейінгі, 14-16, 18-40 жастар аралығындағы және 40 жастан жоғары спортшылар қатысты. Ойын швейцар жүйесінде өткізілді. Сайыс қорытындысында бірінші орынға Ақтөбе облысының командасы көтерілсе, жүледегерлер үштігін Қостанай облысы құрамасы тиянақтады.

Қызылордалықтар арасында Биғали Зікіряев (14 жасқа дейінгі, №2 ОМБЖОРМ), Айдана Жамал (14 жасқа дейінгі, №2 ОМБЖОРМ) және Марат Рахметов (40 жастан жоғары, Жалағаш ауданы) бірінші орынға табан тіреді, ал Фарида Әуесбаева (18 жастан жоғары, №2 ОМБЖОРМ) өз тобында үшінші болды.

Спортшыларды жарысқа ҚР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы, облыстың аға жаттықтырушысы Еркетай Иманбаев пен жаттықтырушы Ақторғын Қошқарова дайындады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера