Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қостанайда өткен біріншілікте олжалы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қостанайда өткен біріншілікте олжалы болды

Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қостанайда өткен біріншілікте олжалы болды

Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің барлық өңірінен 250-ге жуық спортшылар қатысты.

  • 12 Сәуiр 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz


Қызылорда облысының спортшылары осы додада 6 медаль иеленді. Атап айтқанда, өз қатарлары арасында 10 жасар Ақерке Кенжебекова (Сырдария ауданы) классика мен блиц жүйесі бойынша, 12 жасар Жамал Ермекбай (Қызылорда) классика бойынша — бірінші, 12 жастағы Шерхан Бітімбай (Қызылорда) классикадан — екінші, 14 жасар Айдана Жамал (Қызылорда) классикадан, 12 жасар Рауан Ибраев (Қызылорда) пен 10 жасар Айжан Райхан (Жалағаш ауданы) блицтен үшінші орындарды жеңіп алды.