Қызылордалық тыл ардагері 7 жыл бұрынғы үй кезегін таба алмай әлек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық тыл ардагері 7 жыл бұрынғы үй кезегін таба алмай әлек

Қызылордалық тыл ардагері 7 жыл бұрынғы үй кезегін таба алмай әлек

Қызылордалық тыл еңбеккері 7 жыл бұрынғы үй кезегін таба алмай әлек. 94 жастағы кейуана 2006-шы жылы 11-ші болып баспана кезегінде тұрған екен. Алайда белгісіз бір себептермен реттік нөмірі бірден 1053-ке бір-ақ сырғыған. Қазір өсіріп жеткізген бала-шағасы теріс айналған қария 74 жастағы қызымен кісі босағансында тұрып жатыр.       

  • 9 Қараша 2013
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қиыншылықты соғыста көрдік дегеніміз бекер екен, балам. Үй жоқ болған соң, үстіңде үйің болмаған соң қиын екен…

94 жастағы еңбек ардагері, 74 жастағы қызы – құдды бір қорқынышты түстегідей. Қуықтай бір бөлмеге тығылған. Қартайған шағында бала-шағаларына да қажеті болмай қалған қариялар осылай әркімнің босағасын паналап жүр. 

Бақытжан Дүйсембаева, қызы:

— Бұны қайда тастап кетем? Жалғыз сен қызды маған берген Құдайға да мың бір рахмет дейді. Осы отырмыз. Әр нәрсе ойлайсың, ойлағанды кімге айтасың? Болды…

Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілген Айша Мамешаева осыдан 7 жыл бұрын 11-ші болып баспана алуы тиіс екен. Кезегін растайтын қолында тілдей парақшасы да бар. Бас-көз болар ешкімі жоқ қариялар ол кезегін ендігі мүлде жоғалтып алыпты.


Айша Мамешаева
, Еңбек ардагері:

— Енді жыламасын, жыламаса болар еді. Жылаумен, өзім де жылаймын мынау жоқта, дәріге кетсе жылап отырам.

Қайырымды жандардың көмегімен болған жайтты Елбасына да жеткізген. Президент әкімшілігінен «мәселе шешілсін» деген екі жыл бұрын тапсырма да келгенімен, мұндағы биліктегілер асығар емес.

Руслан Рүстемов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

— Заңдағы өзгерістерге байланысты, ия, заңдағы өзгерістерге байланысты кезек өзгерген соның салдарынан.

Кезегінен айырылған қос қарияның халі мүшкіл. Зейнетақылары азық-түлікке жетсе, дәріге жетпейді, дәріге жетсе, пәтерақысы төленбейді. Тіпті қарттар үйіне де жетектеп апарар ешкімі жоқ.