екі күміс медаль алып қайтты.
Сыр бойы спортшыларына алғашқы күміс медальды ядроны 11 метр 27 сантиметрге лақтырған Анастасия Красильникова (№7 мектеп) алып берді. Ал 1994-1995 жылдары туғандар арасында Максим Панов (№2 мектеп) 400 м қашықтыққа жүгіруден (51,28 сек.) екінші орын алды. Сонымен бірге облыс командасы эстафеталық жүгіруде (100+200+300+400м) бірінші болды.
Спортшыларды аталмыш жарысқа облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған жеңіл атлетика спорт мектебінің жаттықтырушылары Наталья Лептикова мен Владимир Лептиков дайындады.