Қызылордалық жеңіл атлеттер Қарағандыда өткен біріншілікте табысты өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық жеңіл атлеттер Қарағандыда өткен біріншілікте табысты өнер көрсетті

Қызылордалық жеңіл атлеттер Қарағандыда өткен біріншілікте табысты өнер көрсетті

Қызылордалық спортшылар Қарағанды қаласында өткен жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионатынан табысты оралды.

  • 18 Ақпан 2011
  • 581
Фото - Caravan.kz

7 күнге созылған жарысқа 14 команданың құрамында 450-ге жуық атлет қатысты. Солардың ішінде 1989-1991 жылдары туған жастар арасында қызылордалық Нұржан Уәлиев ұзындыққа секіруден 3-орынды еншіледі.

1994-1995 жылдары туған жасөспірімдер арасында Максим Панов (№2 орта мектеп) 400 метр қашықтыққа жүгіруден екінші, Әміржан Елубаев («Қабілет» мектебі) үшінші орындарға ие болды.

Қыздар арасында Назерке Өмірғалиева (№140 орта мектеп) 60 метрге жүгіруден үшінші, ал 100 метр қашықтықта екінші орынды иеленді.


Спортшыларды жарысқа дайындаған облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған жеңіл атлетика спорт мектебінің жаттықтырушылары: Наталья Лептикова, Владимир Лептиков және Руслан Омаров.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера