Осыған орай Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Сырдың ерке «Нұргүлі» атты шығармашылық кеш болып өтті. Онда ансамбльдің белді мүшесі болған Жеңіс Келгенбаева мен Хафиза Сүлейменова өнер ұжымының тарихы, өнердегі алатын орны туралы әңгімелеп берді.
Кезінде бұл ұжым М.Мәметова атындағы Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі қабырғасында «Қарлығаш» деген атпен қанат қаққан. Артынша «Нұргүл» атанды. Ол 1975 жылы «халықтық ансамбль» атағын алды. Сол тұста Герман Демократиялық Республикасында болып, оның 16 қаласында өнер көрсетті. 1987 жылы Бүкілодақтық халық шығармашылығы ІІ фестивалінің І дәрежелі дипломымен марапатталды. 1989 жылы Петропавл қаласында өткен би мерекесінде жүлдегерлер қатарынан табылды. 1991 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында болып қайтты. 1998 жылы өткізілген облыстық би сайысында бірінші орынды жеңіп алды. Ансамбль 1999 жылы «Үздік көркемөнер ұжымы» атанды. Өнер ұжымының бишілері облыстық, республикалық деңгейде өткен байқау, конкурстардың лауреаты болды. Ансамбль құрамына гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттері топтасқан.
Кештің соңы өнер ұжымының концертімен аяқталды.